Мектебіміздің мұғалімдері оқушыларға білім беруде жаңа технологияларды тиімді қолданады. Бүгінгі күн талабына оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоба жұмысытарын жасау әрі оны жүйелі түрде бағыттау да жатады. Сондықтан жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Оқушыны ғылыми зерттеу жұмысына тарту үшін, қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Міне, осы бағытта Еркіндік жалпы орта білім беру мектебінде тынымсыз ізденісте жұмыс жасап жүрген ұстаздардың бірін айтар болсам, ол – химия пәні мұғалімі Тезекбаева Рысты Сейпенқызы. Рысты Сейпенқызы — өз пәнінің білгір маманы, оқу дәрісханасы талапқа сай жабдықталған, «Жас мамандар мектебі» жетекшісі, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын ізденімпаз, шығармашыл ұстаз. Ұстаздың еңбегі жеміссіз емес.
Аудандық тамыз мәслихатында алғын алғыс хаттары мен аудандық семинарларда алған Мадақтамалары жетерлік. Пән бойынша ғылыми – зерттеу жұмысымен шәкірті Бейсембеков Оразмұхаммедәли облысқа барып жүлделі ІІ орынды иеленсе, Сиязбаеа Диана Е.А.Бөкетовтың 90 жылдығына арналған оқушылар арасындағы жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін сертификат алды. Шәкірті Жаңбырбай Саян ҚР ШҒА ОҚБ 46, 47 ғылыми-практикалық конференциясының аудандық байқауына қатысып, III дәрежелі дипломмен, облыстық ғылыми-практикалық конференциясынан ІІ орын иеленді. Жетекшісі оқушы дайындағаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылардың білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру мақсатында пән олимпиадаларынан шәкірттері:
9 – сынып оқушысы Құрман Думан Аудандық олимпиада 2016ж III-орын, медальмен және 8 — сынып оқушысы Байболов Ақан Ш.Батталова атындағы аудандық олимпиадада III орын иеленіп, медальмен марапатталса, пән мұғаліміне Алғыс хат табысталды. Оқушыларымыздың осындай жетістіктері – ұстаздар үшін үлкен мәртебе. Бұл оқушының әрі жетекшінің еңбегінің табысы. Сол еңбектің жемісі де нәтижесі де ауыз толтырып айтарлықтай.
2015ж Аудандық тамыз маслихатында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2016ж Ұстаздар мерекесіне орай аудандық кәсіподақ ұйымы грамотамен марапаттады.
2017ж Аудандық тамыз маслихатында мазмұнды сабағы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017ж Аудан әкімінің сыйақысына үміткерлік танытып «Үздік химия пән мұғалімі» байқауына қатысып, сертификат алды. Сонымен қатар Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жемісті еңбегі үшін аудандық Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұстаздың мақалаларытөл басылымдарға үздіксіз жарияланып отырады. Атап айтар болсам, «Химик анықтамалығы» Республикалық ғылыми-танымдық журналының 2014ж №4, №6, 2015ж №4, 2016ж №3, 2017ж №4 мақалалары,күнделікті сабақ жоспарлары, слайд-презентациялары жарияланды. 2016ж, 2017ж «Үздік слайд» сайысында танымды — мазмұнды слайд-презентация үшін арнайы сетификатпен марапатталды.
Арнайы жоғары білімі бар, ойы терең, сезімі ұшқыр, шығармашыл Рысты Сейпенқызының жас ұрпақты оқытудағы білім беру әдісі, тәлімді тәрбиесі жас ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз.Тәлімгер ұстаздан жас мамандардың үйренері көп.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген даналық сөз бекер айтылмаған, ізденімпаз ұстаздың қуаныштарына ортақ болып, болашақта бұдан да биік белестерден көріне беруіне игі тілегімді білдіремін.
Аубакирова Алия Уртбайкызы,
«Еркіндік ЖОББМ» КММ,
бастауыш пәні мұғалімі,
Еркіндік ауылы.