Бұл айдағы байқау өте тартысты болды. Енді міне осы жарыста топ жарып шыққан үздік үш ұстазымыз бар. Бұл ұстаздарымыз өздерінің еңбегінің арқасында үздіктердің қатарынан көрініп отыр. Біз де ойлана келе, екінші үшінші орындардан көрінген ұстаздармен келісе отырып ІІ және ІІІ орынға да ноутбук беретін болып шештік!
Ал жүлделі орындарға іліне алмай қалған ұстаздарға айтарымыз, алдағы уақытта да байқауымыз жалғаса бермек. Тіпті сіздерге арналған жақсы жаңалығымыз да бар. Біз ойластырып жатқан есептеу жүйесіне сәйкес, бір айда жинаған оқушылар санына, жүлделі орынға іліне алмауына қарамастан ноутбук ұтып алу мүмкіндігі барлық ұстаздарға ашылмақ. Толығырақ ақпаратты алдағы уақытта intolimp.kz сайтында және intolimp17@mail.ru поштасымен хат жазып хабарлайтын боламыз. Сондықтан бізден келген хаттарды әрдайып ашып, оқып отыруды сұраймыз!
Жүлдегер Мұғалімдер тізімі
І орын: Қызылорда обл. Қазалы ауд. Қазалы қ. Қ. Нұрмаханов ат.95 ОМ КММ ұстаздары. Жүлдесі — НОУТБУК
ІІ орын: Маңғыстау обл. Бейнеу ауд. Төлеп ауылы «Ә. Махутов ат. МБК» КММ ұстаздары. Жүлдесі — НОУТБУК
ІІІ орын: Қарағанды обл. Жезқазған қ. №1 ЖОББМ.КММ ұстазы Абдрахманова Алмагүл. Жүлдесі — НОУТБУК