Жалпы ережелер
Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен мұғалімдері арасында республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі — Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі, оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
Оқушыларға 2018 жылдың сәуір айына берілген байқау тақырыптары:
- Қош келдің, көктем! (Қатысушы көктем тақырыбына қатысты сурет салып жібереді)
- Поэзия әлемі (еркін тақырыпта мәнерлеп оқу. Видео байқау)
- Көркем жазу — Туған жерім тұғырлым (Қасым Аманжоловтың — «Туған жер» туындысын көшіріп жазу)
- Сиқырлы әлем (ертегі құрастыру)
- Отбасы өмір аясы (қатысушы өзінің отбасы жайлы эссе, шығарма, өлең, жібереді)
- Ұлы тұлға (қатысушы өзінің еліктейтін тұлғасы жайлы жайлы эссе, шығарма, өлең, жібереді)
Мұғалімдерге 2018 жылдың сәуір айына берілген байқау тақырыптары:
- Ең қызықты тәрбие сабағы;
- Ең үздік сабақ жоспары;
- Мінезі қиын баламен жұмыс істеу, оны сабақ пен мәдени іс-шараларға белсенді араластыру тәсілдері.
Байқауға материалдар қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін Intolimp əдістемелік орталығы мамандарының қатысуымен қорытынды жасалынып, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түсіп, ең көп балл жинаған мұғалімге ноутбук сыйға тартылады, ІІ орын — планшет (жүлде саны екеу), ІІІ орын — мұғалімнің жұмыстарын «Мектеп» журналына тегін жариялау (жүлде саны үшеу). 1 оқушы = 1 балл; 1 мұғалім = 3балл
Егер, өзіңіз ұйымдастырушылық қабілетіңіз бар екеніне сенімді болсаңыз, мектептегі бірнеше сыныптан оқушы қатыстырып (оқушының жетекші мұғалімдері әр түрлі), үздіктер қатарынан көрініп, аталған сыйлықты алуға мүмкіндігіңіз бар.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндап жеткізе білулеріне көмектесу.
Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:
Байқау жұмыстары 2018 жылғы 28-наурыз — 13-сәуір аралығында intolimp17@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Байқауға қатысу үшін оқушыларға 500 (бес жүз) теңге, мұғалімдерге 1500 (мың бес жүз) теңге (1 жұмысқа) төлемақы төленеді.
Төлемақы төмендегі шоттарға қабылданады (мұғалімдердің сұранысы бойынша):
KASPI терминалдан төлеу үшін ИИН: 901130300741
Kaspi Gold: 5169 4902 7169 6378
Beeline мобильдік операторына төлем жасау: +7 7775566000
Qiwi кошелек: 87775566000
Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды:
1) (!) Қатысушылар туралы ақпаратты қосымша кестеге сәйкес Word форматындағы өтінімді толтырады;
2) сканерден өткізілген немесе анық көрінетін етіп түсірілген фотосуреттегі төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын);
3) электронды түрде байқау жұмысын intolimp17@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі сыныптар бойынша:
6 жасқа дейінгі мектепалды даярлық тобы; 1-4 сынып оқушылары; 5-8 сынып оқушылары; 9-11 сынып оқушылары; Қосымша білім беру ұйымдары (арнайы мектептер); Техникалық білім беру ұйымдары (колледж); Кәсіптік білім беру ұйымдары (колледж) студенттері және аталған білім ордаларының мұғалімдері қатысады.
Тапсырма
Байқауға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша жұмыстарын жібере алады (Сурет салу, шығарма жазу, эссе жазу, өлең шығару). «Поэзия әлемі» тақырыбына оқушы өз таңдауындағы өлеңді оқып жатқан сәтін видеоға түсіріп жіберуі шарт.
Әр қатысушыдан бір тақырыптық байқауға тек бір жұмыс қабылданады. Бір оқушы барлық байқауға бірдей ақшасын төлеп қатыса алады. Әр тақырыптық байқауға жеке 500 теңге төлемақы төленеді.
Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау
Әділқазы мүшелері байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.
Қорытындысы 18-сәуір күні intolimp.kz жарияланады.
Байқау жеңімпаздары (І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдарды иеленген) жетекшілері алғыс хатпен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Сертификаттар мен Дипломдардың электронды нұсқалары қатысушылардың жұмыстары қабылданған почталарына жіберіледі.
Анықтама телефондары: 8 (777) 5566000
Дүйсенбі-жұма 09:00-18:00
Сенбі-жексенбі — демалыс