Құрметті ұстаздар қауымы, өткен байқауда атқарған орасан зор еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз. Және уәде етілген 3 ноутбукты жеңіп алған ұстаздардың тізімін сіздерге таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бұл кісілер сыйлықтарын лотереядан немесе өзге бір ұтыс ойынынан алып отырған жоқ. Бұл сыйлық үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Сіздердей еңбекқор ұстаздар оқушыларға үлгі болуға лайықты деп айтсақ қателеспеспіз. Себебі оқу мен білім, байлық пен мансап қажырлы еңбектің арқасында келеді.
Ал сыйлыққа бір табан жақын қалып, жүлделі орынға іліне алмай қалған ұстаздарға рахметімізді айта отырып, ең белсенді ұстаздарға алдағы байқаулар ақысына қосымша жеңілдіктер берілетінін айта кетейік!
Егер де сіз бізге төмендегі тізімдегі мұғалімдерден көп оқушы қатыстырып, біз оны білмей қалған жағдайда немесе қосымша сұрақтар туындаған жағдайда intolimp17@mail.ru поштасына хат жазыңыз!
І-орын
Тұяқова Гүлшат Қуандыққызы (240 оқушы) ОҚО, Шардара қаласы, Қосымша білім беру педагогы
ІІ-орын
Нысанова Ақжамал Меллятқызы (176 оқушы), Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебі мұғалімі
ІІІ-орын
Мадаутова Зульфира Қайрбековна (165 оқушы), Алматы қаласы №104 ЖББМ мұғалімі