Ақпан айына берілген байқау тақырыптары

Жалпы ережелер

Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары  мен мұғалімдері арасында республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі — Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі, оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

Оқушыларға 2018 жылдың ақпан айына берілген байқау тақырыптары:

  1. Ана өмірдің шуағы (8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай анасы жайлы эссе, өлең, шығарма жазады)
  2. Көркем жазу өнері (Қадыр Мырза Әли — «Ана» өлеңін көшіріп  жазу)
  3. Жас суретші (Түрлі түсті бояумен, қылқаламмен сурет салу, бейнелеу өнері — еркін тақырып)
  4. Көркем сөз (мәнерлеп оқу — еркін тақырып)

Мұғалімдерге 2018 жылдың ақпан айына берілген байқау тақырыптары:

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдер;
  2. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша үлгілі сабақ жоспары.

Байқау қорытындысы шыққаннан кейін Intolimp.kz — Әдістемелік орталығы тарапынан,  қатыстырған оқушы саны ең жоғары 3 ұйымдастырушы мұғалімге сыйлыққа ноутбук беріледі.

Егер, өзіңіз ұйымдастырушылық қабілетіңіз бар екеніне сенімді болсаңыз, мектептегі бірнеше сыныптан оқушы қатыстырып (оқушының жетекші мұғалімдері әр түрлі),  үздіктер қатарынан көрініп, аталған сыйлықты алуға мүмкіндігіңіз бар.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндап жеткізе білулеріне көмектесу.

Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

Байқау жұмыстары 2018 жылғы 16 ақпан — 2 наурыз аралығында intolimp17@mail.ru  электронды поштасына қабылданады.
Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Байқауға қатысу үшін оқушыларға 500 (бес жүз) теңге, мұғалімдерге 2000 (екі мың) теңге (1 жұмысқа) төлемақы төленеді.

Төлемақы төмендегі шоттарға қабылданады (мұғалімдердің сұранысы бойынша):

ИИН: 901130300741

Kaspi Gold: 5169 4902 7169 6378

Beeline мобильдік операторына төлем жасау:  +7 7775566000

Qiwi кошелек: 87775566000
 Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі  құжаттарды:
1) (!) Қатысушылар туралы ақпаратты қосымша кестеге сәйкес Word форматындағы өтінімді толтырады;
2) сканерден өткізілген немесе анық көрінетін етіп түсірілген фотосуреттегі төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын);
3) электронды түрде байқау жұмысын  intolimp17@mail.ru  электронды поштасына жіберу қажет.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі сыныптар  бойынша:

6 жасқа дейінгі мектепалды даярлық тобы; 1-4 сынып оқушылары; 5-8 сынып оқушылары; 9-11 сынып оқушылары; Қосымша білім беру ұйымдары (арнайы мектептер); Техникалық білім беру ұйымдары (колледж); Кәсіптік білім беру ұйымдары (колледж) студенттері және аталған білім ордаларының мұғалімдері қатысады.

Тапсырма

Байқауға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша жұмыстарын жібере алады (Сурет салу, шығарма жазу, эссе жазу, өлең шығару). «Көркем сөз» тақырыбына оқушы өз таңдауындағы өлеңді орындап жатқан сәтін видеоға түсіріп жіберуі шарт.
Әр қатысушыдан бір байқауға тек бір жұмыс қабылданады.

Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау

Әділқазы мүшелері байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

Қорытындысы 6 наурыз  күні жарияланады.

Байқау жеңімпаздары  (І, ІІ, ІІІ  дәрежедегі дипломдарды иеленген) жетекшілері алғыс хатпен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Сертификаттар мен Дипломдардың электронды нұсқалары қатысушылардың жұмыстары қабылданған почталарына жіберіледі.

Анықтама телефондары: 8 (7775566000

Дүйсенбі-жұма 09:00-18:00

Сенбі-жексенбі — демалыс

Comments are closed.

www.intolimp.kz © 2017. Барлық құқықтары қорғалған